Жарияланған күні: 03.08.2016 18:45
Өзгертілген күні: 04.08.2016 09:40

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Астана қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымының Өңірлік оқу орталығы ағымдағы жылғы 3 - 5 тамыз аралығында Сарыағаш қаласында «Байланыссыз тексеріп қарау аппаратына арналған техникалық ерекшеліктер» тақырыбында халықаралық семинар өткізуде.

Семинардың мақсаты - Кеден одағының сыртқы шекарасындағы өткізу бекеттері арқылы  өткізілетін тауарларды, жеке тұлғалар мен көлік құралдарын байланыссыз тексеріп қарау жабдықтарындағы жұмыстың үздік практикасын зерделеу, инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін пайдалану біліктерін жетілдіру, ұсақ сынықтарды өз бетінше анықтау және жою, сондай-ақ істен шығуына жолбермеудің машықтарын игеру болып табылады.

Дәріскерлер ретінде «NUCTECH Limited Company» (Қытай Халық Республикасы) сарапшы-инженерлері Song bao quan, Zhang Jinghua, Zhang Xingwen, Турсын Калый шақырылған. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының біліктілігін арттыру ісінде «NUCTECH Limited Company»-мен тығыз ынтымақтастық тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын атап өту қажет. Сонымен, 2015 жылғы сәуір айында дәл осындай іс-шара Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында ұйымдастырылған болатын.

Семинар жұмысына Комитеттің орталық аппаратының және Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің, «Достық» кеденінің қызметкерлері қатысуда.

Теорияны дәстүрлі оқытумен қатар «Сарыағаш станциясы» және «Қапланбек» өткізу пункттерінде практикалық сабақтарды өткізу жоспарлануда.

Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілетін болады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі