Астана қ. 06.08.2024 ж.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 169 бұйрығымен 2024 жылғы 1 тамызда күшіне енген жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанына және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Осыған байланысты, Салық есептілігінің нысанының «Салық есептілігін өңдеу қызметі» ақпараттық жүйесінде және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасында 270.00 «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация» салық есептілігінің нысанын жаңарту жүргізілді.
«E-salyq Azamat» мобильдік қосымшасында «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация» 270.00 СЕН жаңарту бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде.
Бұл процесс ауқымды және СЕН сыртқы түрінің пайдаланушы интерфейсін жақсартудан бастап, маркеттерде (App Store, Play Market, AppGallery) жаңа нұсқаны жаңартуға дейінгі бірнеше кезеңдерді қамтитынын ескере отырып E-salyq azamat СЕН 270.00 мобильді қосымшасында қазіргі уақытта қолжетімсіз.
«E-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасында «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларация» 270.00 СЕН жаңартудың аяқталуы туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті