ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетінің 99-ншы сессиясы
2016 жылғы 4-6 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Е.Қ.Қожабергеновтың басшылығымен Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКедҰ) штаб пәтерінде Қаржы комитетінің 99-ншы сессиясына қатысты.
Отырыста Ұлыбританияның Кеден және салық қызметтері корольдігінің Бас директоры Б. Уиллиамсон төрағалық етті, ДКедҰ басшыларынан Бас хатшы Кунио Микурия және оның орынбасары Серджио Мухика қатысты.
ДКедҰ Қаржы комитетінің 99-ншы сессиясының күн тәртібі қаржылық аудиті комитетінің ұсынымдарын іске асыру, ұйымның резервтерін пайдалану, стратегиялық жоспардың жаңа үш жылдық қаржылық параметрлер сияқты өзекті мәселелерді қосты, профильді комитеттердің есептері тыңдалды.
Өткен 98-ші сессияда қазақстандық тарап, ұйымның бюджетіне материалдарды орыс тіліне аудару және Ұйымда өткізілетін отырыстар және семинарлар барысында орыс тілде синхронды аударманы жүзеге асыру шығыстарын қосу жолымен Ұйымның қызметіне орыс тілінде сөйлейтін ДКедҰ мүше елдерін тарту деңгейін көтеру мәселесіне бастамашылық еткен.
Осы сессия барысында аталған мәселені Ұйымның Саяси комиссиясы (ДКедҰ басқармасының жоғарғы органы) отырысының күн тәртібіне қосу туралы шешім қабылданды. Аталған бастаманы қолдап Ресей Федеральдық кеден қызметі басшысының орынбасары, ДКедҰ Аудит комитетінің төрағасы болып келетін Р.В. Давидов сөз сөйледі. Орыс тілінен басқа испан және араб тілдерін қосу ұсынылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша ДКедҰ резервінен 100 мың евроны аталған тілдерді дамыту бойынша пилоттық жобаны іске асыруға бөлу туралы шешім қабылданды.
Отырыстың соңғы күнінде ДКедҰ Басқарушы компаниясының өткен қаржы жылының қорытындысы және Ұйым активтерінің қозғалу динамикасының болжамы бойынша презентациясы тыңдалды.
Сапар барысында алдағы ДКедҰ Еуропалық өңірінің Кеден қызметтері басшыларының Конференциясына (2016 жылғы 19 - 20 мамыр, Астана қаласы) дайындалудың және жүргізудің ұйымдастыру мәселелерін талқылау бойынша Еуроөңірдің вице-төрағасының кеңсесі Сюзанна Якобсон ханымымен, Қазақстанның кеден офицерлерін біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша Япония Қаржы қорының басшысы Харуми Чикада ханымымен кездесулер өткізілді.
ДКедҰ Қаржы комитеті ұйымның жоғарғы органдарының бірі болып табылады. Қаржы комитетінің негізгі міндеті ұйымның қаржы қаражаттарына, келесі қаржы жылдарға қаржыландыру көздеріне бақылау, Кеңес сессияларына қаржы есептерін дайындау болып табылады. ДКедҰ қаржы шарттарын бағалауға кіріс және шығысты бағалау, қолма-қол қаражаттың қозғалысын бақылау және баланстық есептерді жүргізу кіреді.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі