Жарияланған күні: 05.12.2018 13:13
Өзгертілген күні: 05.12.2018 13:14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Экономика саласында қылмыс жасаған адамдарды

іздестіру қызметі туралы

 

         2018 жылы Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметімен экономика саласында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздестірудегі 62 адам ұсталды. Соның ішінде 19 адам шет мемлекеттер аумағында ұсталды (Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан, Армения, Грузия, Германия, АҚШ).

         Осы тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен мемлекетке келтірілген зиян шамамен 28 млрд. теңгені құрады.

         Іздестірудегі қылмыскерлер қылмыстарының негізгі бөлігі салық төлеуден жалтару,алаяқтық, басқа адамдардың мүлкін заңсыз иелену немесе ұрлау, экономикалық контрабанда және заңсыз құмар ойындар ұйымдастыру.

         Осылайша, Ресейдің құқық қорғау органдарының көмегімен, Новосибирск облысының аумағында қылмыстық топ жасаған ірі көлемде салық төлеуден жалтарған Қазақстан Республикасының азаматтары, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады.

         Бүгінгі таңда бұл адамдарды Қазақстанға қылмыстық қудалау үшін экстрадициялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

         Ағымдағы жылы Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы және Чехиядан Қазақстан Республикасының 6 азаматы экстрадицияланды.

         2018 жылдың қыркүйек және қараша айларында Батыс-Қазақстан облысына жылу энергиясына арналған жабдықтар мен материалдар сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлағаны үшін және Астана қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Қазақстан Республикасының азаматтары Ресейден және Өзбекстаннан экстрадицияланды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)