
Ағымдағы жылғы 28 мамырда Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден қызметтері Біріккен алқасының 46 отырысы өтті, оған Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев қатысты.
Отырыс барысында қазақстан тарапы озық ақпараттық шешімдерді, оның ішінде Мемлекет басшысының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің соңғы отырысы барысында ұсынылған бастамасына сәйкес құжаттар үшін QR-кодтарды енгізуді ескере отырып, кедендік бақылауды жетілдіру қажеттігі туралы мәлімдеді.
Тараптар тауарларды жіктеудің біркелкілігі, транзитті бақылауды күшейту және экспорттық тауарларды декларациялауды жетілдіру бойынша нақты шешімдерді талқылады және қабылдады.
Отырысқа қатысушылар сауда байланыстарын дамыту, бизнеске әкімшілік жүктемені азайту және ЕАЭО елдерінің іскерлік ахуалын арттыру үшін қабылданған шешімдердің маңыздылығын атап өтті.
Кеден қызметтері Біріккен алқасының келесі отырысы ағымдағы жылғы үшінші тоқсанда өтеді.