Жарияланған күні: 06.06.2019 19:09
Өзгертілген күні: 10.06.2019 11:13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«Іскерлік қарым-қатынас психологиясы және шешендік шеберліктің негізі» тақырыбына семинар өткізілді

 

2019 жылдың 5-7 маусымы аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Іскерлік қарым-қатынас психологиясы және шешендік шеберліктің негізі» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері мен жұмыскерлерінің іскерлік қарым-қатынас психологиясы және шешендік шеберлік саласында құзыретін арттыру.

Іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов қатысты.

Семинарға тыңдаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық аппаратының және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының  қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде Айкын Шамшиденович Дюсембаев – Нұр-Сұлтан қ. практикалық психологтар ассоциациясының  Төрағасы, «Қасиет» психологиялық орталығының директоры қатысты.

Семинарға қатысушылар іскерлік қарым-қатынас психологиясы саласы негіздерімен, сенім тәсілдерімен, адамдарды басқару өнерімен, тыңдау ептілігімен, НЛБ (нейролингвистикалық бағдаламалау), жанжалдағы тәртіппен  танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.

 

 ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)