
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Кинологиялық орталықта жас кинологтардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні, бұл мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрнекті еңбегін Республикада атап өту және тануға арналған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында, 2018 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығында мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген жас кинологтар- мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері өз күштерімен концерт ұйымдастырды.
Аталған шараға құрметті қонақтар ретінде Австрия республикасының Ішкі істер министірлігінің Кинология орталығының басшысы Йозеф Шутценхофер, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілі Раушан Қасымбекова және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Кинологиялық орталығының, Мемлекеттік Күзет қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, «Арыстан» арнай жасағының, Ұлттық гвардияның және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.
Іс-шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін құрметті қонақтарды Кинологиялық орталығының қызметімен, оның оқу-материалдық және техникалық жабдықтарымен, кинологтарды даярлаудың негізгі бағыттарымен таныстырды және сонымен қатар қызметтік иттердің қатысуымен түрлі көрсетілімдер көрсетілді.
Осы маңызды оқиға барысында қонақтар «Достық аллеясында» көшеттер отырғызып, Орталығымыздың дәстүрімен Бельгиялық овчарка тұқымының күшігіне «Т...» әрпінен басталатын лақап ат қойды.
Құрметті қонақтар мен құқық қорғау органдарының Кинологиялық қызметтері басшыларының пікірлеріне қарағанда, іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп есептелді. Олардың пікірінше, мұндай оқиғалар кинологтар арасында патриотизмді қалыптастыруға, өз міндеттерін орындау барысында жоғары деңгейде жеке жауапкершілік сезіміне бөлейді және одан әрі өзін-өзі дамытуға ынтасын арттыруға түрткі болады.
«Кинологиялық орталығының қазіргі жетістігі - болашақ ұрпақ иегері кинолог-мамандардың мұрасы, динамикалық дамып келе жатқан ҚР ҚМ МКК Кинологиялық қызметінің сенімді негізі»,- деп атап өтті құрметті қонақтардың арасында болған Кинологиялық орталығының бұрынғы түлектері.
«Қазақстан қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың заманауи демократиялық мемлекеті ретінде танылды. Бұл жолда Тұңғыш Президент- Ұлт Көшбасшысы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі зор» деп атап өтті Йозеф Шутценхофер мырза.
Бұл іс- шара, әрине, отансүйгіштік рухын көтеруге ықпал етеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет беделіне жағымды әсер етеді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)