ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары М. Жүсіповтің пара алумен ұсталғандығы туралы хабарлайды.
Ұстау пара алу фактісі бойынша бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Ақмола облысы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасымен Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросы департаменті қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді.
М. Жүсіпов Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарпау үшін «Мультисофт Евразия Кокшетау» ЖШС-нің директоры М.Рыбинцевадан 300 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.
Кәсіпорынның директоры М.Рыбинцева уәкілетті тұлғаға пара беру фактісі бойынша ұсталды.
Жүсіпов және Рыбинцева Көкшетау қаласының ІІБ УҰИ-на қамалды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз-қызметі