Жарияланған күні: 25.06.2018 11:05
Өзгертілген күні: 25.06.2018 11:08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Алматы қаласы бойынша МКД-мен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қытай Халық Республикасынан халық тұтынатын тауарлардың контрабанда айғағын анықтады.

«М» ЖШС автокөлік арқылы ҚХР-дан Қазақстан Республикасына халық тұтынатын тауарларды декларацияламаумен жүйелі түрде әкелгендігі анықталды, яғни декларацияда көрсетілген тауарлардың құны мен саны шын мәнінде әкелінген тауарлармен сәйкес келмейді.

Қазіргі уақытта анықталған декларацияланбаған тауарлардың кедендік құны 1,4 млрд.теңгені құрайды.

Алматы қаласы бойынша МКД-нің Экономикалық тергеу қызметінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабы 2-бөлімі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қылмыстық іс бойынша сот-тауар сараптамасы тағайындалды, қылмыстық іс бойынша фигураттар және қылмысты жасауға қатысы бар тұлғалар анықталуда, сонымен қатар барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)