ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Қазіргі экономикалық жағдайда оңалту және банкроттық туралы заңнама елеулі өзгерістерді өткеруде. Мемлекеттік кірістер органдардың міндеті бюджетке төлемдерді өндіріп алу ретінде емес, кеңірек қарастырылуы тиіс. Ең алдымен борышкердің өзара пайдаға және бюджетке салық салу базасын сақтап қалу жолдарын көре білу маңызды.
Көрсетілген міндеттерге байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының
базасында 2016 жылғы 13-15 сәуір кезеңінде «Банкроттық рәсімдегі салықтар бойынша кредитордың рөлі» тақырыбындағы семинарды қашықтықтан
оқыту нысаны бойынша өткізу жоспарлануда.
Оқыту процесінде дәріскер ҚР ҚМ МКК Салықтық бақылау департаменті Берешектермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Е.Ю. Мотовилова
мынадай сұрақтарды жарықтандыратын болады: Банкроттық қарызды өндіріп алу механизмі ретінде; Банкроттық рәсімдегі салықтар бойынша
кредитордың өкілеттігі; Банкроттық рәсімдегі әлемдік келісім; Банкроттықтан оңалтуға ауысу.
ОӘО қашықтықтан оқыту порталында көрсетілген курс бойынша білім алу үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынған барлық тыңдаушыларға
электрондық оқыту материалдары қол жетімді болады, сондай-ақ тәулік бойғы режимде дәріскерге сұрақтар қою және барлық қызығушылық тудыратын
сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі ұсынылатын болады.
Ағымдағы жылғы 14 сәуірде көрсетілген тақырып бойынша бейнеконференция өтеді.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі