
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде маусымдық және қысқы күртешелерді сатып алу туралы таратылатын бейне көрсетілімге қатысты, бейне көрсетілімде көрсетілген киім сатып алынбағанын және Қазақстанда бекітілген ресми үлгілерге сәйкес келмейтінін хабарлайды.
2023-2024 жылдары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті маусымдық күртешелерді сатып алған жоқ. Маусымдық күртешелерді Комитет 2022 жылы екі қазақстандық компаниядан сатып алды, олардың құны 16 570 теңге (ерлер) және 19 600 теңге (әйелдер) болды. Комитет қысқы күртешелерді 2023 жылғы желтоқсанда сатып алды (521 куртка бағасы 59 024 теңге). Мемлекеттік сатып алу ашық тәсілмен жүргізілді, шарт тауардың Қазақстан Республикасында шығарылғаны туралы растайтын құжаттарды (СТ КЗ тауардың шығарылған жері туралы сертификат) және уәкілетті орган берген сәйкестік сертификатын ұсынған өнім берушімен жасалды.
Анықтама үшін: мемлекеттік кірістер органдарының нысанды киім үлгілері ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №168 және 2019 жылғы 28 маусымдағы №655 бұйрықтарымен бекітілген.