ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, 2016 жылғы 30 сәуірде сағат 10:00-де Астана қаласындағы «Астана Орманы» паркіндегі велосипед жолында Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің велосипед жарысы өтті.
Велосипед жолында қызметкерлер өздерінің велосипедтерімен түрлі дистанцияларды жүріп өтті:
- шағын 1 айналым – ұзындығы 1,700 м.;
- орташа 2 айналым – ұзындығы 2,5 км.;
- үлкен 3 айналым – ұзындығы 3 км.
Осы велосипед жарысында МКК қызметкерлері өз отбасы және балаларымен қатысты.
Жарысқа қатысушылар керемет жасыл орман аймағында таза ауада сергектік қуатын және оң көңіл-күйге ие болды.
Велосипедшілердің тізбегін Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин басқарды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі