Жарияланған күні: 18.02.2016 17:20
Өзгертілген күні: 18.02.2016 19:10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі 2015 жылы 60,9 млрд. теңге өндіріп алды және

170 кг есірткі алынды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Экономикалық тергеу қызметінің (бұдан әрі – ЭТҚ) осы және басқа да нәтижелері туралы бүгінгі брифинг барысында Комитеттің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов және ЭТҚ тергеушісі Ерден Жұма хабарлады.

Қабылданған шаралар негізінде 2015 жылы 10 231 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді, 4 407 іс өндіріспен аяқталып, 3 508 іс сотқа жолданды. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға жолданатын 60 млрд. теңгеден астам сомасында залалды өндіру қамтамасыз етілді.

«Комитеттің ЭТҚ-нің негізгі мақсаты мемлекет пен бизнестің экономикалық мүдделерін қорғау болып табылады. Бүгінгі күнде, мемлекетке келтірілген залалды нақты өндіру, кәсіпкерлікті қорғау және бизнеске әкімшілік қысымды азайту бойынша жұмыс жасауға құқықтық және ұйымдастырушылық негіздер жасалған» - деді Ерден Жұма.

ЭТҚ қызметі негізсіз тексерулерді болдырмауға және Тәуекелдерді басқару жүйесіне (ТБЖ) өтуге, қылмыстық қудалауды ерекше жағдайларда жүргізу арқылы бизнестің дамуына жағымды жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.

«Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану әлеуетті жалған кәсіпорындарды тіркеу сатысында анықтау үшін кешенді алдын алу шараларын әзірлеуге мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы жұмыс бойынша     2 781 жалған кәсіпорын анықталды және оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, сонымен қатар жалған кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеуі мен олардың жасаған мәмілелерін жарамсыз ретінде тану туралы сотқа 503 талап енгізілді» - деп Ерден Жұма түсіндіріп өтті.

Қаржы министрлігінің басқа да бөлімшелерімен, оның ішінде Қаржы мониторингі бойынша және Қаржылық бақылау комитеттерімен өзара тығыз қатынас реттелді.

Бюджеттік қаражаттарды жұмсау тиімділігіне бақылау күшейтілді: мемлекеттік сатып алулар саласында 394, квазимемлекеттік секторда 438 қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталды.

Басқа басым бағыттарда да жақсы нәтижелер бар. Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша өндірісте 344 қылмыстық іс болып, 6,8 млрд. теңге сомасында залал өндірілді, 2,3 млрд. теңге сомасында мүліктерге тыйым салынды. Сондай-ақ ішімдік өнімдерінің көлеңкелі айналымын қысқарту бойынша шаралар қабылданды: 12 жасырын цехтар анықталды, 7,2 млн. қолдан жасалған есептік-бақылау маркалары, 5,6 млн. бөтелке есепке алынбаған ішімдік өнімдері, 288 мың литр спирт алынды.

Сондай-ақ, Комитеттің тергеушісі заңсыз есірткі заттарының айналымы саласында 2015 жылы 71 қылмыс тіркеліп, 170 кг есірткі, оның ішінде 158 кг героин алынғанын атап өтті.

Бұдан басқа, ақшаны қолдан жасау өндірісі бойынша 8 жасырын цех қызметінің жолы кесіліп, жалпы сомасы 12,2 млн. теңгеге 3,2 мың қолдан жасалған ақша купюрлары заңсыз айналымнан алынды.  Осылайша, қолдан жасалған ақшалардың одан әрі таралуына жол берілмеді және мемлекеттің экономикалық мүдделерінің қорғалуы қамтамасыз етілді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі

pressa@mgd.kz