Жарияланған күні: 08.06.2016 17:55
Өзгертілген күні: 08.06.2016 18:06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

2016 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі-Комитет) қызметшілері «Бейбіт әлем» Қоғамдық қайырымдылық қорымен бірлесіп Комитеттің әкімшілік ғимаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолынан шыққан ұлттық нақыштағы кәдесый бұйымдарын сату жәрмеңкесін ұйымдастырды және өткізді.

Осы шарада Комитеттің орталық аппарат қызметшілері 1986 жылы туылған, көруі бойынша ІІІ топтағы мүгедек, Лейла Жиенбаеваға бір мәрте қаржылай көмек көрсетті.

Бұдан басқа, мұқтаж және аз қамтылған отбасыларға қажетті жаңа және б/қ киім-кешек, шарауашылық заттар және бірінші кезекте керек заттарды жинау ұйымдастырылды.

Осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды және  ересектерді қолдау болып табылады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі