ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
2016 жылғы 8 шілдеде Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Департаменттері өкілдерінің қатысуымен «Оңалтудың және банкроттықтың, сондай-ақ төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа тетіктерін іске асыру кезіндегі проблемалық мәселелер» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып өткізілді.
Оңалту және банкроттық туралы заңнамасы нормаларын қолдану тәжірибесі туралы Жоғарғы Сот судьясы А.С. Смаилов, Берешектермен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары Е.Ю. Мотовилова баяндады, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өкілі М. Шегебаев, сондай-ақ әрекеттегі әкімшілер М.М. Кабикенова, А.М. Шалимов және басқалар шараның өзектілігін атап өтті.
«Дөңгелек үстел» нәтижесінде істерді қарау, оңалту және банкроттық саласындағы рәсімдерді өткізу тиімділігін көтеру бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотпен бірлескен жұмыс, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында екінші деңгейдегі банктер өкілдерінің қатысуымен оңалту және банкроттық саласындағы құқық қолдану тәжірибесіндегі мәселелерді қосымша талқылау өткізу жоспарлануда.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі