Жарияланған күні: 30.05.2024 17:18
Өзгертілген күні: 30.05.2024 17:19

     2024 жылғы 28-30 мамырда Самарқанд қаласында «Салық әкімшілігі: цифрлық дәуірдегі салық заңнамасын сақтау деңгейін арттыру – қазір және болашақта» атты халықаралық семинары өтуде.

     Семинарға ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Сүлейменов Әнуар бастаған ҚР ҚМ МКК өкілдері, сондай-ақ семинарға Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан салық департаменттерінің, сондай-ақ ХВҚ, БҰҰДБ салық ведомстволарының 40-қа жуық өкілдері және үлкен төрттіктің (PWC және KPMG қатысады.

     Атап айтқанда, Әнуар Сүлейменов «Орталық Азия экономикасының дамуы және өсудің басым секторлары, оның ішінде цифрлық экономика» тақырыбындағы сессияға қатысты.

    Сарапшылар геосаяси оқиғалардың салық жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, фискалдық саясаттың тиімділігіне, сондай-ақ цифрлық экономиканың даму қарқынын ынталандыруға әсерін талқылады.

    Сонымен қатар, МКК Қазақстанда ірі салық төлеушілердің көлденең мониторингін, бизнеспен транспарентті және әріптестік қатынастарға негізделген жобаны енгізу тәсілдерін таныстырды.