Жарияланған күні: 11.05.2016 16:10
Өзгертілген күні: 11.05.2016 16:14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Отан қорғаушылар күні және ҰОС-ның Жеңісі күні қарсаңында мемлекеттік кірістер органдарының ҰОС ардагерлеріне баруы

Бүкіл әлем тарихи, маңызды және жарқын мейрам - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін тойлауда.

Жеңіс күні қазақстандықтардың барлық ұрпақтарын байланыстыратын жіпке, айбындылық, Отандық күш және атақ нышанына айналды.

Мемлекеттік мерекелер - Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комиттінің Ардагерлер қауымдастығының төрайымы Балжан Айтышқызы Сеилова, және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комиттінің Орталық аппаратының  қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барды.

Комитет басшылығы және ҚР ҚМ МКК органдарының Ардагерлер қауымдастығы атынан ардагерлерге бірреттік ақшалай көмек табыс етілді.

Біздің бейбіт аспанымыз, бостандығымыз, Қазақстанның тәуелсіздігі мен гүлденуі үшін өмір сүріп, шайқасқандарға арналған мұндай қайырымдылық акциясын аумақтық МКД және мемлекеттік кірістер органдарының Ардагерлер қауымдастығы филиалдарының өкілдері еліміздің барлық өңірлерінде өткізуде.

Ал біздің ардагерлерімізге ұзақ өмір, денсаулық, бақыт және бар жақсылықты тілейміз!

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі