
Құрметті салық төлеушілер!
Мемлекеттік кірістер комитетімен жаңа салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі (СӘАЖ) әзірленді.
Ағымдағы жылдың 19 тамызынан бастап мемлекеттік кірістер органдарының қызметтері мен сервистері порталының (Портал) пилоттық нұсқасын іске қосу жоспарлануда.
Жаңа Портал пайдаланушыларға https://portal.kgd.gov.kz сілтеме арқылы қолжетімді. Порталда салықтық және кедендік мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар (СТ тіркеу, ЖСО-мен айналысатын адамды тіркеу есебі, кедендік декларацияларды қабылдау және т.б.), сондай-ақ салық төлеушіні іздеу бойынша сервистер, калькулятор, сауалнамалар, СЕН бланкілері және басқалары орналастырылған.
«Кері байланыс» сервисі арқылы, сондай-ақ 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 нөмірі бойынша Порталмен танысуға және өз пікіріңізбен бөлісуге шақырамыз.
Сіздің ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз порталды одан әрі ыңғайлы және функционалды етуге көмектеседі.
Сонымен қатар, ағымдағы порталдың қызметтері https://kgd.gov.kz штаттық режимде қол жетімді екендігін хабарлаймыз.