ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Пресс-релиз
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі бекітілген.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 сәуіріндегі № 229 бұйрығымен мемлекеттік кірістер органдар жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тәртібі (бұдан - Тәртіп) бекітілген.
Тәртіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7,8-баптарына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына (2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 ҚР МҚІМ бүйрығы), Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік (2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 ҚР МҚІМ бүйрығы) қағидаларына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.
2016 жылғы 22 сәуірде мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Отырыста салық, кеден қызметтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгілерімен нормативті құқықтық актілердің, сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдарына қарасты ӘҚБК дискрециондық баптары бойынша бір қатар мәселелер қаралды.
Жұмыс тобының отырысының нәтижесі бойынша дайындалудағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы және кедендік реттеу кодексіне, сондай-ақ Комитет жұмысын регламенттейтін басқада нормативтік құқықтық актілерге анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою және азайту бойынша ұсынымдар енгізу туралы шешім қабылданды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі