Жарияланған күні: 12.07.2024 18:24
Өзгертілген күні: 12.07.2024 18:26

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы қыркүйектен бастап «экспорттық-импорттық операциялар жөніндегі Бірыңғай терезе»  ақпараттық жүйесінің порталы арқылы «Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу», «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу»   мемлекеттік қызметін ұсынудың автоматтандырылған рәсімі енгізілгені туралы хабарлайды. Бұл рәсім ел аумағында зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың тиімділігін жеңілдетуге және арттыруға бағытталған.

     Автоматтандырылған өтінім беру уақытты едәуір қысқартты және өтінім беру процесін жеңілдетті, сондай-ақ тіркелген өкілдер мен уәкілетті операторлардың өтінімдер мәртебесі туралы ақпаратқа қол жетімділікті жеделдетті. Қазақстандағы құқық иелері мен олардың өкілдері порталдың ыңғайлы онлайн-интерфейсі eokno.gov.kz арқылы уәкілетті экономикалық операторлар мен кеден өкілдерінің кедендік тізіліміне енгізуге өтінім бере алады.

      Тізілімге енгізу, қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, тізілімге енгізу кезінде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабардар ету, сондай-ақ осындай өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсыну ақпараттарын қағаз жеткізгіште және Е-өтініш платформасы арқылы жіберу-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгіну талап етілмейді.

     Ақпараттық жүйеде жұмыс істеу жөніндегі Нұсқаулық порталдың басты бетінде орналастырылған http://eokno.gov.kz ("Онлайн оқыту"бөлімі).

    Техникалық сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушыларды қолдау қызметіне хабарласу қажет eoknosd@ecc.kz, сондай-ақ жеделхатта сөйлесу: t.me/eoknokz.