Жарияланған күні: 05.02.2019 15:07
Өзгертілген күні: 25.02.2019 14:09

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Тәуекелдерді басқару жүйесі саласындағы мүмкіндіктерді дамыту, сондай-ақ электрондық кеңістікте талдау/барлау бойынша семинар өткізілді

 

2019 жылғы 29 қаңтар мен 1 ақпан аралығында «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінің аумағында Еуропалық Одақ қаржыландыратын Орталық Азиядағы шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасы (БОМКА) шеңберінде тәуекелдерді басқару жүйесі саласындағы мүмкіндіктерді дамыту, сондай-ақ электрондық кеңістікте талдау/барлау бойынша семинар өтті.

Семинарға тыңдаушылар ретінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті орталық аппаратының (бұдан әрі - МКК), МКК Оқу-әдістемелік орталығының, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының және «Қаржы Академиясы» АҚ қызметкерлері қатысты.

Семинарда дәріскерлер ретінде Еуропалық Одақтың бағдарламалық сарапшылары: Литва Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Кеден департаментінің Кедендік криминалдық қызметінің Тәуекелдерді басқару бөлімінің басшысы - Илона Роженене, Литва Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Кеден департаментінің Кеден криминалдық қызметі директорының орынбасары - Виталиюс Сарапинас, Литва Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Кеден департаментінің Қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы – Жилвинас Субачюс сөз сөйледі.

Семинар барысында бағдарламалық сарапшылар тыңдаушыларды Еуропалық Одақтың қолданыстағы заңнамасымен және кедендік бақылау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін (бұдан әрі - ТБЖ) қолдану тәжірибесімен, криминалдық барлау әдістерімен, электрондық кеңістіктегі тергеулер мен талдаулармен, кедендік тексеру актісімен, кедендік бақылау нәтижелерінің типтерінің, кодтарының жіктеушілерімен  және тәуекелдерді басқару процесінде  оларды қолданумен және ТБЖ қолдану саласындағы басқа да өзекті мәселелермен таныстырды.  

Сарапшылар  мен  тыңдаушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және қатысушылардың жоғары деңгейін атап өтті.  Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылармен ТБЖ бойынша ұсыныстар жобасын әзірлеу үшін ұсыныстар берілді.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар мен семинар материалдары табыс етілді.

ҚР ҚР МКК Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)