Жарияланған күні: 13.06.2016 19:39
Өзгертілген күні: 13.06.2016 19:40

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 Баспасөз релизі

Уәкілетті экономикалық операторлар институтының өзекті мәселелері

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі-Комитет) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалардың қатысуымен «Уәкілетті экономикалық операторлар институтының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасында уәкілетті экономикалық операторларды іске асырудың негізгі мақсаттары кедендік ресімдерді жылдамдату мақсатында және әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында арнайы және қосымша арнайы жеңілдіктерді ұсыну жолдарымен кеден органдары мен бизнес қоғамдастықтың арасындағы ынтымақтастық жүйесін дамыту юолып табылады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша отандық тауар өндірушілерді, заңды тұлғалар үшін тауарларды өндіру бойынша қызметті жүзеге асырушыларды қолдау мақсатында Комитет төрағасының орынбасары Ғ.К. Әмринмен келесі заңды тұлғаларға уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлігі тапсырылды.

- «Рахат» АҚ;

- «Кока – Кола Алматы Боттлерс» ЖК ЖШС;

- «Евразиан Фудс» АҚ;

- «Евразиан Фудс Корпорейшн» АҚ.

УӘО тізіліміне енгізу туралы куәлікті алған заңды тұлға – бұл Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодексінің 65-бабына сәйкес арнайы және қосымша арнайы жеңілдіктер түрінде айқындалған артықшылықтарға ие болады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі