
Құрметті ҚР ҚМ МКК АЖ пайдаланушылары!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың бірінші күні 2024 жылғы 17 маусым (дүйсенбі) күні деп жариялаған күн 2024 жылғы 16 маусымға (жексенбі) ауыстырылып және қосымша демалыс күні жойылғандықтан, Комитеттің ақпараттық жүйелерінде демалыс және жұмыс күндері анықтамалығы жаңартылды.
Жаңарту барысында техникалық ақаулық орын алғандықтан, іс жүзінде Салық төлеушінің кабинетінде анықтамалықты жаңарту 2024 жылғы 13 шілдеде жүргізілді
Осылайша, орындалу мерзімі 2024 жылғы 17 маусым күнін қамтитын және 1 жұмыс күні мерзімінен кеш орындалған хабарламалар мерзімінде орындалды деп танылады және оларға айыппұл санкциялары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 741-бабына сәйкес қолданылмайды.
Сонымен қатар, аталған тәуекелдерді басқару жүйесі барысында да ескерілетін болады.