Сұрақ:

Жүйеге кірген кезімде ЭЦҚ кілттің паролін енгізе алмаймын.

Жүйеге кірген кезде «CryptoSocket-пен байланысу мүмкін болмады» қатесі шығады.

Шот-фактураны толтырылды және ол жіберілді, бірақ ол Шимайға барып түсіп тұр. Неге?

Тіркелу кезінде қол қоюға арналған сертификатты таңдаймыз және одан әрі паролді енгіземіз, бірақ жүйе одан әрі ештеме жасамайды. Себебі не? Немесе өткізіп жібереді, бірақ кілтпен келісімге қол қою кезінде, паролді енгізу кезінде қайтадан әсер етпейді.

Жауап:

Аталған қате CryptoSocket бағдарламасының дұрыс жұмыс жасамау себебінен туындайды. Сіз нұсқаулыққа сәйкес аталған бағдарламаны қайта орнатуыңыз қажет.

1. Басқару панелін ашу -> CryptoSocket бағдарламасын таңдау -> Оны өшіру қажет -> Компьютерді қайта өшіріп қосу қажет.

2. Менің компьютерім –C дискі: – Папка Program Files (x86) папкасы мекенжайда орналасқан GammaTech атауымен папканы қолдап өшіру қажет.

3. Компьютерді қайта өшіріп қосу қажет

4. esf.gov.kz басты бетіндегі Cryptosocket жаңартылған бағдарламасын жүктеп алу қажет.

5. Cryptosocket бағдарламасын орнату қажет

6. Cryptosocket бағдарламасының іске қосылғанына көз жеткізу қажет (оң жақ бұрыштағы уақыт көрсеткішінің жанындағы жасыл дөңгелек белгі)

Ескертпе:

- Cryptosocket бағдарламасын орнату алдында,  Антивирусты ажыратуды сұраймыз (болған жағдайда)

-Рекомендуется использовать Google Chrome браузерінің соңғы нұсқасын пайдалануды ұсынылады

- Егер Сіздің компьютеріңізде Tumar бағдарламасы орнатылған жағдайда, нұсқаулықты орындау алдыңда оны өшіруіңіз қажет, себебі бұл бағдарлама CryptoSocket бағдарламасының дұрыс жұмыс жасауына кедергі келтіреді.