Сұрақ:
<p><strong>Егер мен автокөлікті сенімхат бойынша сатып жіберсем, салықтар кімге есептеледі: маған ба әлде автокөліктің нақты пайдаланушысына ма?</strong></p>
Жауап:
Сіздің меншік құқығыңыз екі жақты мәміле жасалған және уәкілетті органда тіркелген негізінде ғана тоқтатылады, автомобильді басқа тәсілдермен сату (сенімхат бойынша не сақтандыру бойынша) меншік құқығын тоқтатпайды.
Тиісінше, салықтар ресми түрде уәкілетті органда тіркелген автокөліктің меншік иесіне есептеледі. Бұл ретте сенімхат бойынша көлік құралын беру Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес мүлікті иеліктен айыру мен меншік құқығын беру болып табылмайды, тек меншік иесінің атынан оны басқаруға немесе мүдделерін білдіруге ғана құқық береді.