Сұрақ: 
<p><strong>Егер автомобиль ағымдағы жылғы тамыз айында сатып алынған болса, жеке тұлғадан көлік құралы салығын төлеу қандай мөлшерде жүргізіледі?</strong></p>
Жауап: 

Көлік құралы салығының сомасы меншік құқығы алынған айдың 1-күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгі кезең үшін есептеледі. Тиісінше, сіздің жағдайыңызда көлік салығын бес ай үшін: ағымдағы жылғы тамыздан желтоқсанға дейін төлеу қажет.