Жарияланған күні: 01.03.2019 14:41
Өзгертілген күні: 14.03.2019 19:53

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

МКК Төрағасы Tengrinews.kz оқырмандарының сұрақтарына жауап берді

 

2019 жылдың 6-19 ақпаны аралығында Tengrinews.kz ақпараттық порталы алаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М. Е. Сұлтанғазиевтің интернет-конференциясы болып өтті.

Интернет-конференцияны өткізу кезінде портал оқырмандары салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша жүзден астам сұрақ жолдады.

Портал оқырмандарын негізінен келесі тақырыптар қызықтырды:

- салық декларацияларын тапсыру тәртібі мен мерзімдері;

- жалпыға бірдей декларациялауды енгізу;

- заңды тұлғалардың банкроттығы;

- салық берешегін тексеру;

- көлік салығын есептеу;

- электрондық шот-фактураларды жазып беру;

- қате төленген салық сомасын қайтару;

- мүліктік табыс;

- арнаулы салық режимдері;

- БЖТ;

- онлайн БКМ тіркеу;

- кедендік құнды бақылау;

- көп балалы аналарға салық жеңілдіктері.

ҚР ҚМ МКК Төрағасы келіп түскен барлық сұрақтарға жауап берді.

Келіп түскен сұрақтармен және оларға берілген жауаптармен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://tengrinews.kz/opinion/833/.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)