
2024 жылдың 20-21, 23 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлкеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығының Аумақтық салық орталығы BRITACOM Хатшылығының BRITACEG Кеңсесінің қолдауымен «Салықтық әкімшілендірудегі халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық вебинар өткізілуде.
Вебинардың мақсаты – іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ЭЫДҰ BEPS (MLI) көпжақты конвенциясын іске асыру бойынша тәжірибе алмасу және қатысушылардың білімін кеңейту, салықтық базаның бұзылуына және салық салудан пайданың ауысуына қарсы тұру үшін салықтық келісімдерге қатысты.
Вебинарда BRITACEG кеңсесінің басшысы Ван Лянгму мырза және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ірі салық төлеушілер департаментінің резидент еместерге салық салу басқармасының басшысы – Санжар Мұхтарұлы Молдабеков сөз сөйледі.
Өз сөзінде Ван Лянгму мырза BRITACEG кеңсесі білім алмасу, әлеуетті арттыру және ынтымақтастық үшін практикалық платформа құруға бағытталған қызметі мен жетістіктерімен бөлісті.
Вебинардың оқытушысы – доктор Бернард Шнайдер, халықаралық салық құқығы кафедрасының профессоры, аға оқытушы (доценті), Салық құқығы институтының академиялық директоры және Коммерциялық құқықты зерттеу орталығындағы халықаралық салық құқығы бойынша Лондондағы Королева Мария университетінің магистратурасының директоры.
Вебинарға Арменияның, Грузияның, Тәжікстанның салық қызметтерінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті орталық аппаратының қызметкерлері қатысуда.
Бұл шара қатысушыларға салықтық әкімшілендіру жүйесі мен әлеуетін жаңғыртуға бірлесіп үлес қосу үшін өзара түсіністік пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.