ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Семей қаласында ақша құралдарын заңсыз қолма қол ақшаға айналдырған тұлғадан 130 миллион тәркіленді
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде салық төлеуден жалтару мақсатында бірқатар арнайы құрылған кәсіпорындар арқылы ақша құралдарын қолма қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді.
2016 жылғы 1 ақпанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Семей қаласында Банк ғимаратының жанында өзімен бірге кәсіпорынның шотынан қолма қол ақшаға айналдырылған 130 млн. теңге сомасында ақша қаражаты табылған А деген азаматты ұстады.
Бұдан басқа, оларды заңсыз қолма қол ақшаға айналдырмас үшін кәсіпорынның шотындағы 151 млн. теңгеге тыйым салынды.
Қазіргі уақытта азамат А. ұсталды, барлық заңсыз қызметке қатысы бар, оның ішінде банк қызметкерлерін анықтау бойынша шұғыл тергеу шаралары жүргізілуде.
Астана, Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының аумағында жұмыс істеп келген, көрсетілген қылмыстық топ 7 миллиардтан астам теңгені қолма қол ақшаға айналдырған.
Осы кәсіпорындардың барлық контрагенттерін анықтау бойынша шаралар жүргізілуде.
Қосымша ақпарат алу үшін pressa@mgd.kz электронды пошта бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне хабарласуды сұраймыз.