
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Тлеулес Жанболат Киікбайұлы Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды
Бүгін, 2019 жылдың 8 мамырында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Қаржы Министрі Әлихан Смайыловтың Бұйрығымен тағайындалған Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Тлеулес Жанболат Киікбайұлын ұжымға таныстырды.
Тлеулес Жанболат Киікбайұлы, 1979 жылы туылған, қазақ, білімі жоғарғы, 2001 жылы Орталық - Азия университетін бітірді, біліктілігі – экономист.
Салық жүйесінде 2001 жылдың қазан айынан бастап жұмыс атқарады, 2001 жылдан 2004 жылға дейін Атырау облысы бойынша Салық комитетінің жетекші маманы, бас маманы, 2004 жылдан 2011 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Халықаралық салық салу басқармасының бас маманы, 2011 жылдан 2012 жылға дейін - Атырау қаласы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары, 2012 жылдан 2014 жылға дейін - Атырау облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, 2014 жылдан 2018 жылға дейін - Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, 2018 жылдың қазан айынан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Резидент еместерге салық салу басқармасы басшысының орынбасары.
2019 жылғы 8 мамырдан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)